Эйдан өзінің үйінің артындағы ауласына жапырақтардың орнына кішкентай күн батареяларын пайдаланып жасаған тәжірибелік құрылғысын орнатып,бақылау жүргізді. Нәтижесінде кәдімгі жазық күн панеліне қарағанда оның «ағашы» энергияны 20% - ке көп жинақтайтыны, 2,5 сағатқа ұзағырақ тиімді жұмыс жасайтыны анықталды.
«Оның үстіне бұндай құрылғы жазық панельмен салыстырғанда орынды аз алады, оны оңтүстікке қаратып орналастырағанның өзінде, қыс мезгілінде күн энергиясын 50% -ға артық жинақтайды, қарды да аз жинайды. Тағы ескеретін жайт, ағаш бейнесіндегі дизайн қала пейзажына әлде қайда жақсы үйлеседі,» — дейді жас өнертапқыш.
Эйдан 2011 жылдың ең озық жас табиғат сыншыларыныңбірі деп танылды. «2011 Young Naturalist» байқауын Нью-Йорк жаратылыстану мұражайы өткізген болатын. Оған қоса Эйдан өзі жасап шығарған құрылғысының патентіне алдын ала мәлімдеме берді. (фото AMNH).
Қысқасы, күн энергетикасымен айналысушы мамандар мектеп оқушысы жасаған қорытындылар мен өлшеулердің дұрыстығына күмән тудырып отыр.






13 жасар Нью-Йорк тұрғыны Эйдан Дуайер (Aidan Dwyer) өзінің ағаштар жайындағы білімін, математиканы және табиғат құбылыстарын пайдаланып күн электр станцияларының тиімділігін арттыруға болады деген тоқтамға келді. 











